ҚҰБ ҚҚК "Банк ЦентрКредит" АҚ (Қазақстан) KZP03Y15D217 (KZ2C00000594, CCBNb23) облигацияларын 2012 жылдың 27 қарашасынан 2013 жылдың 26 мамырына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды

19.07.13 11:35
/KASE, 19.07.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2013 жылдың 05 шілдесіндегі хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес "ҚҰБ ҚҚК "2013 жылдың 27 қарашасынан 2013 жылдың 27 мамырына дейінгі кезеңде "Банк ЦентрКредит" АҚ екінші облигациялық бағдарламасы аясындағы бірінші шығарылым облигацияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҰБ ҚҚК ақпараттарына сәйкес, 2012 жылдың 26 қарашасындағы жағдай бойынша аталған облигациялардың 80 000 000 данасы орналастырылмаған. Аталған облигациялар (KZP03Y15D217 KZ2C00000594, CCBNb23, 100 теңге, 10,0 млрд теңге, 27.11.09 – 27.11.14 жылдық 11,00 % жарты жылдық купон; 30/360) KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағалауы бар бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілген. [2013-07-19]