ҚҰБ ҚҚК "Qazaq Banki" АҚ (Қазақстан) акциялар шығарылымының аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларын тіркеді

18.07.13 15:52
/KASE, 18.07.123/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Qazaq Banki" АҚ (Алматы, бұдан әрі - банк), өзінің акциялар шығарылымының аңдатпасына тіркелген өзгертулері мен толықтыруларының көшірмесін және бұрынғысының орнын басатын 2013 жылдың 09 шілдесіндегі бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігін биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) банктің акциялар шығарылымы аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді; - аталған куәлік банктің жарияланған акцияларының саны артуына және банктің атауы өзгеруіне байланысты ауыстырылды; - банк жарияланған акцияларының жалпы саны 20 000 000 дана, оның ішінде 641 500 688 955 – KZ1C35860010 жай акциялары, 2 000 000 – KZ1P35860116 артықшылықты акциялары жай акцияларға ауыстырылған; - компания акцияларының шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А3586 нөмірімен енгізілді; - 2012 жылдың 28 қазанындағы жағдай бойынша банк 3 588 203 жай және 600 000 артықшылықты акциясы орналастырылды,оның жарғылық капиталы 4 188 298 400 теңге көлемінде қалыптасты. Банк акциялар шығарылымының аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/SNBN/snbnf9_izm_090713.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-07-18]