"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары бойынша жетінші купонды уақтылы төлемегені үшін өсімақысын жартылай төлегені туралы хабарлады

18.07.13 12:21
/KASE, 18.07.13/ – "АТФБанк" АҚ (Алматы) инфрақұрылымдық KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "буферлік санат" санаты, DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жылдық купон, ағымдық купондық мерзімге жылдық 5,45 %, 30/360) облигацияларын ұстаушы "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хатпен төмендегіні хабарлады: цитата басы "ДТЖ" АҚ міндеттемелерін уақтылы төлемегені үшін есептелген өсімақыны төлеу кестесіне сәйкес келісімдерді орындау үшін 4-ші купондық кезеңге сыйақы төлеу бойынша жалпы қарыз сомасынан 2013 жылдың 09 маусымында облигацияларды ұстаушыларға 42 955 356,00 теңге төледі. цитата соңы [2013-07-18]