"СевКазЭнерго" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2013 жылдың 01 шілдесіне үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

18.07.13 10:47
/KASE, 18.07.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "СевКазЭнерго" АҚ (Петропавловск, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2013 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек KZ1C57830016 жай акциялары) жалпы саны 150 000 000 дана; - компанияның 143 863 799 акциясы орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері, яғни орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Орта-Азиялық отын-энергетика компаниясы" АҚ (Алматы) болып табылады. [2013-07-18]