"Кселл" АҚ (Қазақстан) 2013 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өз қызметінің нәтижелері туралы мәлімдеді

17.07.13 17:18
/KASE, 17.07.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы), 2013 жылдың 17 шілдесінде биржаға жолдаған баспасөз мәлімдемесіде былай хабарлады: "Кселл" акционерлік қоғамы (бұдан әрі "Kcell" немесе "Компания") (LSE, KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы кірісінің көлемі мен абоненттік базасы бойынша жетекші оператор – 2013 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өз қызметінің нәтижелерін жариялайды. Екінші тоқсан - кіріс деңгейі 4.3 пайызға көбейіп, 46,271 миллион теңгені құрады (44,389). - EBITDA көрсеткіші, біржолғы шығындарды қоспағанда, 18 пайызға ұлғайып, 25,508 миллион теңгені құрады (25,064). - EBITDA рентабельділігі 55.1 пайызға дейін төмендеді (56.5). - Негізгі қызметі бойынша кірісі, біржолғы шығындарды қоспағанда 0.9 пайызға артып, 19,748 миллион теңгені құрады (19,572), - Қаржыландыруға арналған таза шығын 577 миллион теңгеден 537 миллион теңгеге (40) дейін артты. - Таза табыс 3.4 пайызға азайып, 15,551 миллион теңгені құрады (16,100). - Еркін ақша ағымы 25,581 миллион теңгеге дейін артты (10,216). - Клиенттік база 303,410 абонентке көбейіп, пайдаланушылар саны 14.1 миллион абонентке жетті. Осы баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасымен KASE веб-сайтеында http://www.kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_reliz_170713.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады [2013-07-17]