"Альянс Банк" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2013 жылдың 01 шілдесіндегі үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

15.07.13 14:16
/KASE, 15.07.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Альянс Банк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2013 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C40310019 жай акцияларының жалпы саны 20 000 000 дана, артықшылықты KZ1P40310115 акциялар саны – 3 000 000 дана; - банктің 13 637 563 жай акциясы және банктің 2 619 626 артықшылықты акциясы орналастырылған; - банк 121 жай және 52 артықшылықты акцияларды сатып алды; - "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) номиналдық ұстауында банкің 4 227 655 (банктің орналастырылған акцияларының жалпы көлемінен 26,00 % ) жай акциялары орналасқан; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген тұлға "Самұрық- Қазына" Қлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) болып табылады, оның иелігінде банктің 10 892 274 акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санында 67,00 %), соның ішінде банктің 9 137 195 жай акциясы (банктің орналастырылған жай акцияларының жалпы санында 67,00 %) және банктің 1 755 079 артықшылықты (банктің орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санында 67,00 %) бар: [2013-07-15]