KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Біріккен Королдігі) аймақаралық ынтымақтастық жөніндегі республикалық өңіраралық форумның негізгі серіктесі

12.07.13 16:59
/KASE, 12.07.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон) биржаға (KASE), 2013 жылдың 12 шілдесіндегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Қазақмыс компаниясы «Қуатты аймақтар – қуатты Қазақстан» республикалық өңіраралық форумының негізгі серіктесі болып отыр. Форумға Шығыс Қазақстан, Алматы, Павлодар және Қарағанды облыстары атсалысты. Өскемен қаласында өтіп жатқан форумның жұмысына Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Серік Ахметов, облыс әкімдері, орталық атқарушы органдардың өкілдері мен отандық компаниялардың басшылары қатысты. Форумның аясында Қазақмыс отандық компаниялармен ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдар жасасады деп жоспарланған. Қазақмыс компаниясы елдің тау-кен металлургиялық секторындағы компаниялардың арасында қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі көшбасшылардың бірі болып отыр. 2012 жылдың 12 айы ішінде компания жалпы сомасы 252 млрд. теңге сомасына тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алды. Олардың ішіндегі тауарлар сомасы 134 млрд. теңге, жұмыстар мен қызметтер сомасы - 118 млрд. теңге болды. Бұл ретте, Қарағанды облысы бойынша жалпы сатып алу 105 млрд. теңгені құрады, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 17 млрд. теңге және Павлодар облысы бойынша – 6,5 млрд. теңге болып отыр. 2011 жылдағымен салыстырғанда, жалпы сатып алу 57 млрд. теңгеге көбейген, ал қазақстандық үлестің ара-салмағы жалпы сатып алулардың 62 пайызын құраған. цитата соңы Аталмыш баспасөз хабарламасынң толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - қазақ тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_120713_kz.pdf; - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_120713.pdf мекен-жайларында танысуға болады [2013-07-12]