"Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ (Қазақстан) мүдделі мәміле жасағаны туралы хабарлады

11.07.13 17:52
/KASE, 11.07.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хатпен төмендегіні хабарлады: цитата басы 1) акционерлік қоғам органының мәміле жасау туралы шешім шығарған күні – 2013 жылдың 09 шілдесі. 2) мәміле мәні болып табылатын мүлік құны – 1 203 175 323 теңге. 3) мәміле мәні болып табылатын мүліктің соңғы бағалау күні – қолданылмайды 4) мәміле мәні болып табылатын мүлік құнының акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы – 4,25%; 5) негізгі мәміле жасау шарттары – стандартты түрде. 6) мәміле жасау күні – ақпарат ұсынылған күні мәміле жасалған жоқ. цитата соңы [2013-07-11]