2013 жылдың 11 шілдесінен бастап Қазақстан қор биржасында БМҚ-мен автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралының сауда-саттығы ашылды

11.07.13 17:34
/KASE, 11.07.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2013 жылдың 11 шілдесінде берілген KASE мүшесінің өтініші негізінде автоматты репо нарығында, репо операцияларының мерзімі 1, 3 7, 14 және 30 күндік, репо заты ретінде "Цеснабанк" АҚ (Астана) KZ1C33820016 (KZ000A0Q5HK5, KASE ресми тізімі, бірінші санат, TSBN) жай акциялары қолданылатын, жаңа қаржы құралының сауда-саттығы ашылады. Репо операцияларына тиісінше R_TSBN_001, R_TSBN_007, R_TSBN_014 және R_TSBN_030 кодтары берілді. [2013-07-11]