10 шілдеден бастап KASE қайталама нарық секторында "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) XS0925015074, US46639UAA34 (KMGZe6) және XS0925015157, US46639UAB17 (KMGZe7) халықаралық облигациялары бойынша сауда-саттық ашылды

10.07.13 15:29
/KASE, 10.07.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2013 жылдың 10 шілдесінен бастап KASE қайталама нарық секторында "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ төмендегі халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылды: - XS0925015074, US46639UAA34 (KASE ресми тізімі, "Рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар", KMGZe6; $1,0 млрд; 30.04.13 – 30.04.23, жартыжылдық купон, жылдық 4,40 %; 30/360); - XS0925015157, US46639UAB17 (KASE ресми тізімі, "Рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар", KMGZe7; $2,0 млрд; 30.04.13 – 30.04.43, жартыжылдық купон, жылдық 5,75 %; 30/360). KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "Қазақстан халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) атқарады. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізімінің "Рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2013 жылдың 30 сәуірінен бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kmgz мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-07-10]