"Қазақстан темiр жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ XS0799658637, US48667DAD66 (NL_TMJLe1) Kazakhstan Temir Zholy Finance B.V. (Нидерланд Корольдігі) халықаралық облигациялары бойынша екінші купонын төлегені туралы хабарлады
10.07.13 12:44
/KASE, 10.07.13/ – Kazakhstan Temir Zholy Finance B.V. (Амстердам)
XS0799658637, US48667DAD66 (KASE ресми тізімі, "Рейтингтік бағалауы
бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, NL_TMJLe1) халықаралық
облигациялары бойынша кепіл болып табылатын "Қазақстан темiр жолы"
Ұлттық компаниясы" АҚ Қазақстан қор биржасына (KASE) 2013 жылдың 10
шілдесінде көрсетілген облигациялар бойынша екінші купондық сыйақысын
төлегені туралы хабарлады.
Жоғарыда аталған хабарламаға сәйкес 38 225 000 АҚШ доллары көлемінде
сыйақы төленді.
[2013-07-10]