"Батыс транзит" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2013 жылдың 01 шілдесіне үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
09.07.13 17:13
/KASE, 09.07.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Батыс транзит" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2013 жылдың
01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған (тек KZ1C53510018 жай акциялары)
акцияларының жалпы саны 30 000 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан
әрқайсысы бес және одан көп көлеміндегі санына иеленген тұлғалар
болып табылады:
---------------------------------------------------------------
Компанияның
орналастырылған
жай акциялар, акцияларының
дана жалпы санындағы
Атауы үлесі, %
--------------------------------- ------------- ---------------
"Мехэнергострой" ЖШС 24 000 80,0
"Электр желісін басқару жөніндегі
Қазақстандық компания " (KEGOC) 6 000 20,0
---------------------------------------------------------------
[2013-07-09]