"Қазақстан Даму банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2013 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
09.07.13 11:16
/KASE, 09.07.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Қазақстан Даму банкі" АҚ (Астана, бұдан әрі – банк)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2013 жылдың
01 шілдесіндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған KZ1C47810011 жай акцияларының жалпы саны
2 119 519 дана;
- банктің 2 069 520 акциясы орналастырылған;
- банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан
көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға
сәйкесінше жалғыз акционері "Самұрық-Қазына" Әл-ауқат қоры" АҚ
болып табылады.
[2013-07-09]