"Самұрық- Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Қазақстан) С.Мыңбаевтың "ҚазМұнайГаз" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалғаны туралы хабарлады

04.07.13 12:36
/KASE, 04.07.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық- Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) биржаға (KASE) 2013 жылдың 03 шілдесіндегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы мен «Самұрық- Қазына» АҚ Басқармасының шешімі негізінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ләззат Қиынов қызметінен босатылды. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы болып Сауат Мыңбаев тағайындалды. «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Өмірзақ Шөкеев Ләззат Киіновтің атқарған еңбегі үшін алғыс білдіріп, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ активіне жаңа жетекшіні таныстырды. «Ләззат Кетебайұлы, Сіз компания басшылығына қиын кезеңде келдіңіз. «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында әлеуметтік жағдайды тұрақтандыру бойынша зор жұмыс атқарылды», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Өмірзақ Шөкеев. «Сауат Мұхаметбайұлын таныстырудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Ол – өз ісінің шебері. 2006 жылдан бастап оның қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ мен мұнай және газ саласымен тығыз байланысты. Мұнай және газ министрлігін басқарумен қатар, ол Қор директорлар Кеңесінің құрамына енген. Соңғы 9 ай бойы «ҚазМұнайГаз» директорлар Кеңесіне жетекшілік етіп, компанияның барлық стратегиялық және ағымдағы мәселелерінен хабардар болды. Сауат Мұхаметбайұлы, Сізге жаңа лауазымда табыс тілеймін. Сіздің басшылығыныз Компанияның дамуына жаңа серпін береді деген сенімдемін», - деп сөзіне қосты Өмірзақ Шөкеев. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына енеді. Қоғамдқ байланыс Департаменті "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ +7 (7172) 55-41-14 цитата соңы [2013-07-04]