"Рахат" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ1C06320010 (KZ000A1CTMZ4 RAHT) о 76 % акцияларын LOTTE Confectionery (Оңтүстік Корея) компаниясына сатуды жоспарлап отырғанын хабарлады

02.07.13 12:40
/KASE, 02.07.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "Рахат" АҚ (Алматы, одан әрі – компания), биржаға (KASE) ресми хатпен 2013 жылдың 02 шілдесіндегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Қазақстандағы жетекші кондитерлік компания Рахат АҚ Оңтүстік Кореяның алыңғы қатардағы кондитерлік компаниясы LOTTE Confectionery, Рахат АҚ айналымдағы 76% акцияны сатып алу туралы келісімшарт жасасқанын бүгін ресми түрде хабарлады. Аталмыш мәміле қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы өзара тиімді экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға септігін тигізеді. 2012 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шақыруымен Оңтүстік Кореяның Президенті Ли Мен Бактың Қазақстанға ресми сапары барысында жаңа сапалы деңгейге көтерілді. цитата соңы Аталмыш баспасөзхабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/RAHT/raht_reliz_020713.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2013-07-02]