"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Қазақстан) «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының тобы британ компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғаны туралы хабарлады
02.07.13 12:22
/KASE, 02.07.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ
(Астана), биржаға (KASE) 2013 жылдың 01 шілдесінде баспасөз
хабарламсын ұсынды:
цитата басы
Ұлыбританияның Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронның Қазақстанға
алғашқы мемлекеттік сапары шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ
компаниялар тобы британ компанияларымен ынтымақтастық туралы
меморандумдарға қол қойды.
«Самұрық-Қазына» АҚ инжиниринг, жобалау және жобаларды басқару
саласындағы жетекші компания «WS Atkins and Partners Overseas» және
бизнес көшбасшыларға арналған ірі ұйым «Institute of Directors»
ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
«Келісімдерге қол қою екі тараптың жемісті жұмысының нәтижесі болып
табылады. Қазақстан-Британ әріптестігінің бар әлеуеті және бүгінгі дөңгелек
үстел барысындағы сұхбат жаңа сапалық деңгейде екі жақты
ынтымақтастықты шығаруға мүмкіндік беретініне сенемін», - деп айтты қол
қою рәсімінен кейін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының төрағасы
Өмірзақ Шөкеев.
Бизнес-форум шеңберінде «Теңгерімделген экономика. Күші көп секторлы
экономиканы дамыту үшін бірлесіп жұмыс істеу» атты тақырыпта дөңгелек
үстел болды.
«Самұрық-Қазына» компанияларының тобы Ұлыбританиямен
экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды жаңа деңгейге шығару
бойынша практикалық шараларға бастамашылық жасады. Атап айтқанда,
экономикалық, инвестициялық, қаржылық, индустриялық-инновациялық
және басқа салалардағы жаңа ұзақ мерзімді бағыттарды айқындау және іске
асыру бойынша жоспарлы жұмыс жүзеге асырылды», - деп атап көрсетті
Ө. Шөкеев.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары экономиканың әртүрлі салаларында одан
арғы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Британдық бизнесмендер
Қазақстанда өз бизнесін дамытудың жұмыс тәжірибесімен және пайымымен
бөлісті.
Сондай-ақ форум барысында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының
орынбасары Дәурен Ердебай және «UK Export Finance» Азаматтық және
әскери жобалар департаментінің басшысы Джон Сноудон ынтымақтастық
туралы меморандумға қол қойды. «Қазақтелеком» АҚ басшысы Қуанышбек
Есекеев «Weightless Contracting» өкілі Максим Баутинмен, «Virgin
Managtment» басқарма мүшесі Питер Норриспен лицензиялық келісім
жасасты. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басшысы Владимир Школьник және
Кембридж университетінің Черчилль Моллер колледжі орталығының
басқарма төрағасы Сэр Дэвид Уолле негіздемелік келісімге қол қойды.
Самұрық-Қазына» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаменті
Тел.: +7 (7172) 55-41-14
Факс: + 7 (7172) 55 40 69
www.sk.kz
цитата соңы
[2013-07-02]