01 шілде күні Қазақстан қор биржасында "Цеснабанк" (Қазақстан) өзінің 700 мың KZ1C33820016 (KZ000A0Q5HK5, TSBN) жай акциясын бір акцияны 1 800,00 теңгеден орналастырды

01.07.13 18:16
/KASE, 01.07.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде "Цеснабанк" (Астана) субординацияланған KZ1C33820016 (KZ000A0Q5HK5, KASE ресми тізімі, бірінші санат, TSBNb) жай акцияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Эмитент сауда-саттықта KZ1C33820016 700 000 облигациясын орналастыруды жоспарлаған (орналастырылған жай акциялардың жалпы көлемінен 2,3 %). Бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы" (жиналған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттықтың мәні болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 15:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша немесе сатушыға ұтымдырақ болып табылатын өтінім бағасымен. Есептесу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE екі мүшесі - брокерлік-дилерлік ұйымдар қатысты, олар үш өтінім берді, 700 001 акцияны сатып алуға берілген өтінімдер өтінімдер қабылдау кезеңінінің аяқталу сәтінде белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраныс ұсыныстың 100 % құрады. Берілген өтінімдердегі акция бағасы 1 700,00 және 1 800,00 теңге деңгейінде болды. Қорытынды бойынша сатушы 700 000 акцияны орналастырып, екі өтінімді қанағаттандырды. Тарту сомасы 1 260 000 000,00 теңге болды. [2013-07-01]