"RG Brands" АҚ KZP01Y07E497 (KZ2C00002129, RGBRb7) облигациялары 01 шілдеден бастап KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

01.07.13 17:52
/KASE, 01.07.13/ – Бұдан бұрын жарияланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 23 мамырдағы шешімімен KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "RG Brands" АҚ KZP01Y07E497 (KZ2C00002129; 1 теңге, 7,0 млрд теңге; 01.07.13 – 01.07.20; жартыжылдық купон, жылдық7,5 %, 30/360) облигациялары енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2 тармақшасындағы шарттарды орындауына байланысты, 2013 жылдың 01 шілдесінен бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. "Маңғыстау электр желілерін бөлу компаниясы" АҚ қаржылық кеңесшісі Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) RGBRb7 берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/nrbn мекен-жайы бойынша жарияланады. [2013-067-01] [2013-07-01]