ҚҰБ ҚҚК "Самұрық-Энерго" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y03E334 (KZ2C00001873, SNRGb1) облигацияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп берушілігін бекітті

01.07.13 15:08
/KASE, 01.07.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 21 маусымдағы хабарламасының көшірмесін биржаға ұсынды. Ұсынған құжатқа сәйкес ҚҰБ ҚҚК "Самұрық-Энерго" АҚ KZ2C0Y03E334 (KZ2C00001873, KASE ресми тізімі, "Рейтингтік бағалау бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, SNRGb1; 1 000 тенге, 3,0 млрд тенге; 12.11.12 – 12.11.15, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жарты жылдық купон, жылдық 6,00 % ; 30/360) облигацияларын орналстыру қорытындысы туралы есепті бекітті. ҚҰБ ҚҚК 2013 жылдың 11 мамырдағы хабарламаға сәйкес 575 000 аталмыш облигациялар орналастырылды. Аталмыш облигацияларды орналастыру туралы есепбі KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_razmb1_210613.pdf мекен-жайына танысуға болады. [2013-07-01]