28 маусым күні Қазақстан қор биржасында "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ (Қазақстан) өзінің 1,4 млрд KZP01Y07D887 (KZ2C00001766, LARIb2) облигациясын жылдық 8,5% орналастырды

19.06.13 17:59
/KASE, 28.06.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде "Цеснабанк" (Алматы) субординацияланған KZP01Y07D887 (KZ2C00001766, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, LARIb2; 1 теңге, 10,0 млрд теңге; 16.07.12 – 16.07.19, жарты жылдық купон 8,00 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Эмитент сауда-саттықта KZP04Y07C362 1 750 000 000 облигациясын орналастыруды жоспарлаған (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санының 17,5 %). Бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы" (жиналған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттықтың мәні болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 15:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша немесе сатушыға ұтымдырақ болып табылатын өтінім бағасымен. Есептесу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE төрт мүшесі қатысты, олар төрт өтінім берді, солардың ішінде 1 412 200 000 облигация сатып алуға берілген өтінімдер өтінімдер қабылдау кезеңінінің аяқталу сәтінде белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраныс ұсыныстың 80,7 % құрады. Берілген өтінімдердегі "таза баға" 96,5263 % (жылдық 8,75 %) бастап 97,6650 % (жылдық 8,50 %) дейін құбылды және орташа сараланған мәні 97,8948 % (сатып алушы үшін өтелуіне жылдық 8,45 %) тең болды. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің барлығызейнетақы нарығы субъектілері үлесіне 77,9 %, брокерлік-дилерлік компаниялардың үлесінде 22,1 % болды. Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша эмитент кесімді бағаны 97,6650 %, деңгейінде бекітті, бұл облигациялардың сатып алушының өтеуіне жылдық 8,50 % көлемінде сәйкес келіп, зейнетақы нарығының субъектілерінің берген екі өтінімін қанағаттандырды, сөйтіп орналастыруға жоспарланған 1 401 700 000 облигацияларды орналастырды. Осы орайда тартылған сома 1 419 431 505,00 теңгені құрады. [2013-06-28]