"RG Brands" АҚ KZP01Y07E497 (KZ2C00002129, RGBRb7) облигациялары биржада "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

28.06.13 11:48
/KASE, 28.06.13/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 27 мамырындағы шешімімен "RG Brands" АҚ (Алматы) KZP01Y07E497 (KZ2C00002129; 1 теңге, 7,0 млрд теңге; 7 жыл; жартыжылдық купон 7,5 % жылдық, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында 2 тармақшасында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың уәкілдері "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқаша RGBRb7 (сауда коды) берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін KASE веб-сайтында жарияланады. [2013-06-28]