"Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ "Батыс транзит" АҚ KZ2CKY13B996 (KZ000A0T88N8, BTTRb1) облигацияларына CFI кодын берді

27.06.13 16:30
/KASE, 27.06.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Батыс транзит" АҚ (Алматы) биржаға 2013 жылдың 24 маусымында CFI кодтарын (қаржы құралының классификациялық кодын) беру туралы куәліктерінің көшірмелерін ұсынды. Аталған құжаттарға сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ISO 10962 "Бағалы қағаздар және осыларға жататын қаржы құралдары - Қаржы құралының классификациясы (код CFI)" халықаралық стандартына сәйкес "Батыс транзит" АҚ KZ2CKY13B996 (KZ000A0T88N8, KASE ресми тізімі, үшінші санат, BTTRb1) облигацияларына CFІ DBVTFR коды берілді. [2013-06-27]