"Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ (Қазақстан) "Техснабэкспорт" ААҚ (Ресей) табиғи уранмен трансферттік операциялар туралы келісім-шарт жасағаны туралы хабарлады

27.06.13 11:45
/KASE, 27.06.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казатомпром" Ұлттық атаом компаниясы" АҚ (Астана), биржаға (KASE) 2013 жылдың 26 маусымында баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы "Атомэкспо-2013" халықаралық форумы барысында "Техснабэкспорт" ААҚ және "Казатомпром" ҰАК" АҚ Қазақстаннан Ресейдің конверсиялық кәсіпорындарына табиғи уран қышқылын жеткізу шарттарын анықтайтын материалдық есеп туралы Келісім жасасты. ... "Казатомпром" ҰАК" АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары Сергей Яшиннің сөзі бойынша "Материалдық шот туралы Келісім – Казатомпромның шет елдік энергетикалық компанияларымен, АҚШ энергокомпанияларының ынтымақтастығын жүзеге аыру аясындағы маңызды құрал болып табылады". "Казатомпром" ҰАК" АҚ бұқарамен байланыс басқармасы Кристина Подшивалова, Кунакбай Саттаров +7 /7172/ 55-13-05 pr@kazatomprom.kz цитата соңы [2013-06-27]