"Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ "Казбургаз АҚ жай акцияларына CFI кодын берді

25.06.13 11:05
/KASE, 25.06.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Өскемен) биржаға 2013 жылдың 24 маусымында CFI кодтарын (қаржы құралының классификациялық кодын) беру туралы куәліктерінің көшірмелерін ұсынды. Аталған құжаттарға сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ISO 10962 "Бағалы қағаздар және осыларға жататын қаржы құралдары - Қаржы құралының классификациясы (код CFI)" халықаралық стандартына сәйкес: - KZ1C05500018 (KZ000A1CTM59, KASE ресми тізімі, үшінші санат, UTMK) жай акцияларына CFI ESVUFR; - KZ1P05500114 (KZ000A1CTM67, KASE ресми тізімі, үшінші санат, UTMKp) артықшылықты акцияларына CFI EPNXFR коды берілді. [2013-06-25]