/ҚАЙТАЛАУ/ 1 шілде күні биржада "Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) KZ1C33820016 (KZ000A0Q5HK5, TSBN) жай акцияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығы өткізіледі

25.06.13 10:09
/KASE, 25.06.13 - 20. 06.13 жаңалықты қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2013 жылдың 01 шілдесінде KASE сауда-саттық жүйесінде "Цеснабанк" АҚ (Астана) KZ1C33820016 (KZ000A0Q5HK5, KASE ресми тізімі, бірінші санат, TSBNb) жай акцияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушысы "Цесна Капитал" АҚ (Астана) болады. Сауда-саттықтың жарияланған көлемі 700 000 акцияны құрайды (от жалпы орналастырылған жай акциялардың 2,3 % көлемі). Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – TSBNb. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 16:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында 15:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жинақталған сыйақыны ескере отырып) көбейтіндісі көрсетіледі. Мәміле, мекен-жайы бойынша жарияланған http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf көлемі Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең немесе сатушы үшін пайдалырақ болатын қарсылама өтінімдердің бағалары бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-06-25]