18 маусым күні Қазақстан қор биржасында "Цеснабанк" (Қазақстан) өзінің 486,0 млрд KZP06Y07E084 (KZ2C00002053, TSBNb15) облигациясын жылдық 9,75% орналастырды

18.06.13 18:28
/KASE, 18.06.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде "Цеснабанк" (Астана) субординацияланған KZP06Y07E084 (KZ2C00002053 KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TSBNb15; 1 теңге, 5,0 млрд теңге; 12.07.11 – 12.07.14; TSBNb10; 1 теңге, 5,0 млрд теңге; 04.06.13 – 04.06.20; жарты жылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Аталмыш облигациялар шығарылымы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 2011 жылдың 10 тамызда 100,0 млрд теңге сомасына тіркеген, "Цеснабанк" АҚ екінші облигациялық бағдарламасының аясында үшінші және эмитенттің биржада листинг процедурасынан өткен "ішкі" облигацияларының он төртінші шығарылымы болып табылады. Эмитент сауда-саттықта KZP06Y07E082 3 000 000 000 облигациясын орналастыруды жоспарлаған (тіркелген облигацияларының жалпы көлемінен 60,0 %). Бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы" (жиналған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттықтың мәні болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 15:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша немесе сатушыға ұтымдырақ болып табылатын өтінім бағасымен. Есептесу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE үш мүшесі қатысты, олар үш өтінім берді, солардың ішінде 3 017 310 000 облигация сатып алуға берілген өтінімдер өтінімдер қабылдау кезеңінінің аяқталу сәтінде белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраныс ұсыныстың 100,6 % құрады. Берілген өтінімдердегі "таза баға" 88,9980 % (сатып алушы үшін жылдық 9,75 %) және 88,9981 % (9,75 % жылдық) тең болды. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 99,4 % зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесіне, 0,6 % - брокерлік-дилерлік компаниялардың үлесінде болды. Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша эмитент кесімді бағаны 88,9980 % белгілеп, зейнетақы субъектілері берген екі өтінімді қанағаттандырып, барлық жоспарланған көлемді орналастырды. Тарту бағасы 2 679 273 350,64 теңгені құрады. [2013-06-18]