"AsiaCredit Bank" (АзияКредит Банк) АҚ (Қазақстан) мүдделі мәміле жасағаны туралы хабарлады

18.06.13 10:45
/KASE, 18.06.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AsiaCredit Bank" (АзияКредит Банк) АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хатпен төмендегіні хабарлады: цитата басы 1) акционерлік қоғам органының мәміле жасау туралы шешім шығарған күні – 2013 жылдың 13 маусымы. 2) мәміле мәні болып табылатын мүлік құны – 5 000 (бес мың) теңге. 3) мәміле мәні болып табылатын мүліктің соңғы бағалау күні – қолданылмайды 4) мәміле мәні болып табылатын мүлік құнының акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы – 0,000006 %. 5) негізгі мәміле жасау шарттары – жеке тұлғаның стандартты түрде. 6) мәміле жасау күні – 2013 жылдың 13 маусымы. цитата соңы [2013-06-18]