"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Қазақстан) биржада өзінің 5,7 млрд KZP02Y05E010 (KZ2C00001980, TXBNb7) облигациясын 5,7 млрд теңгеге орналастырғаны туралы хабарлады
14.06.13 18:03
/KASE, 14.06.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Сбербанк Росcии" АҚ Еншілес Банкі (Алматы),
биржаға 2012 жылдың 13 маусымдағы баспасөз-бағдарламасын жолдап,
былай деп хабарлады:
2013 жылдың 13 маусымында "Қазақстан қор биржасы" АҚ сауда-
саттық жүйесінде Сбербанктің кінші облигациялық бағдарламасы
аясындағы Бірінші шығарылымның облигацияларын орналастыру
бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті.
Сауда-саттықтың нәтижесінде Сбербанк, жоспарлағандай, 5 661 500 000
облигацияны орналастырды, жоспарланған орналстыру көлемі 661 500 000
облигациядан асты. Осының нәтижесінде орташа сараланған кірістілігі
жылдық 7 % көрсеткішімен тартылған сома 5 664 983 395,15 теңгені құрады.
Сауда-саттыққа 6 661 500 000 облигацияны сатып алуға KASE бес мүшесі
қатысты.
Барлық өтінімдер өтінім беру кезеңі аяқталғанда белсменді болып қалды.
Сонымен, сауда-саттықтағы сұраныс ұсынымның 133,2 % құрады.
Зейнетақы нарығының субъектілерінің жалпы үлесіне 97,5%, брокерлік-
дилерлік компаниялар клиенттері үшін – 2,5%.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
"Сбербанк" АҚ ЕБ,
банктің баспасөз қызметі:
PR қызметінің жетекші маманы
Марина Газизова
тел.+7(727) 334 22 79 ішкі. 2105
моб.+7 777 729 10 87
e-mail: marina.gazizova@sberbank.kz
[2013-06-14]