"Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Қазақстан) "Каспий нефть" АҚ KZ1C28830012 (KZ1C00000694, KSNF) жай акцияларына CFI кодтарын берді

13.06.13 16:49
/KASE, 13.06.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Каспий нефть" АҚ (Атырау), биржаға 2013 жылдың 28 мамырында CFI кодтарын (қаржы құралының классификациялық кодын) беру туралы куәліктерінің көшірмелерін ұсынды. Аталған құжаттарға сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ISO 10962 "Бағалы қағаздар және осыларға жататын қаржы құралдары - Қаржы құралының классификациясы (код CFI)" халықаралық стандартына сәйкес "Каспий нефть" АҚ KZ1C28830012 (KZ1C00000694, KASE ресми тізімі, үшінші санаты, KSNF) жай акцияларына ESVTFR CFI коды берілді. [2013-06-13]