12 маусым күні Қазақстан қор биржасында "Самұрық-Энерго" АҚ (Қазақстан) өзінің 2,4 млн KZ2C0Y03E334 (KZ2C00001873, SNRGb1) облигациясын жылдық 7,0% орналастырды

12.06.13 17:46
/KASE, 12.06.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) субординацияланған KZ2C0Y03E334 (KZ2C00001873, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, SNRGb1; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 12.11.12 – 12.11.15, жарты жылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Аталмыш облигациялар шығарылымы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 2011 жылдың 10 тамызда 100,0 млрд теңге сомасына тіркеген, "Цеснабанк" АҚ екінші облигациялық бағдарламасының аясында үшінші және эмитенттің биржада листинг процедурасынан өткен "ішкі" облигацияларының он төртінші шығарылымы болып табылады. Эмитент сауда-саттықта KZP06Y07E082 2 425 000 облигациясын орналастыруды жоспарлаған (осы шығарылымның облигацияларының жалпы көлемінен 80,8 %). Бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы" (жиналған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттықтың мәні болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 15:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша немесе сатушыға ұтымдырақ болып табылатын өтінім бағасымен. Есептесу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE алты мүшесі қатысты, олар жеті өтінім берді, солардың ішінде 2 799 998 облигация сатып алуға берілген өтінімдер өтінімдер қабылдау кезеңінінің аяқталу сәтінде белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраныс ұсыныстың 115,5 % құрады. Берілген өтінімдердегі "таза баға" 98,3462 % (сатып алушы үшін жылдық 6,75 % тең , орташа сараланған баға 97,8277 % (жылдық 6,9893 % ) болды. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 53,6 % зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесіне, 46,4 % - брокерлік-дилерлік компаниялардың үлесінде болды. Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша эмитент кесімді бағаны 97,8045 % деңгейде белгілеп, алты өтінімді қанағаттандырды және 2 425 000 облигацияны орналастырды. Тарту бағасы 2 384 533 825,01 теңгені құрады. "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ мәліметтері бойынша барлық мәмілелер осы ақпарат жарияланған уақытта орындалды. Орналастырылған акциялардың жалпы көлемінен 50,5 % зейнетақаы нарығы субъектілері, ал 49,5 % – брокерлік-дилерлік компаниялар сатып алды. [2013-06-12]