"AsiaCredit Bank" (АзияКредит Банк) АҚ (Қазақстан) Басқарма құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

12.06.13 15:46
/KASE, 12.06.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AsiaCredit Bank" (АзияКредит Банк) АҚ (Алматы), биржаға (KASE) ресми хатпен 2013 жылдың 10 маусымында Директорлар кеңесінің келесі шешімдерді қабылдағанын хабарлады: цитата басы Көпешов Болан Бейсенбайұлы – Басқарушы директор, банк басқармасының мүшесі болып тағайындалды; Дошманова Гүлмира Амировна – қаржы директоры, банк басқармасының мүшесі болып тағайындалды. цитата соңы [2013-06-12]