/ҚАЙТАЛАУ/ 12 маусымда биржада "Самұрық-Энерго" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y03E334 (KZ2C00001873, SNRGb1) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығы өткізіледі

04.06.13 10:32
/KASE, 04.06.13 - 31.05.13 жаңалықты қайталау/ – 2013 жылдың 12 маусымында KASE сауда-саттық жүйесінде "Самұрық-Энерго" АҚ (Алматы) KZ2C0Y03E334 (KZ2C00001873; KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, SNRGb1; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 12.11.12 – 12.11.15, жарты жылдық купон жылдық 6,00 %, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Аталмыш облигациялар шығарылымы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 2011 жылдың 05 желтоқсанында жалпы 50,0 млрд теңге сомасына Е17 нөмірімен тіркеген, "Delta Bank" АҚ Еншілес банкінің бірінші облигациялық бағдарламасының аясында бірінші және биржада листинг процедурасынан өткен, аталмыш эмитенттің "ішкі" облигацияларының екінші шығарылымы болып табылады. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) АҚ (Алматы) уәкілетті сатып алушы ретінде қатысады. Орналастырудың жарияланған көлемі 2 425 000 KZ2C0Y03E334 облигация (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санынан 80,8 %). Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақытымен (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін, Debts_List_ST1 (Rated_ST1 тобы) секторында өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда- саттықтағы коды – SNRGb1. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күнінің ALT 16:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында 15:00 ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде, өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жиналған мүддені есептемегенде) көбейтіндісі белгіленуі тиіс. Мәміле, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған, көлемі облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Сату алудың өтінімін қанағаттандыру тәсілі – өтінімдердің кесімді бағаға тең бағалары бойынша немесе сатушы үшін пайдалырақ баға бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінімдер бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/SNRG/snrgf9b1_2012.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2013-06-04]