2013 жылдың 03 маусымынан бастап "Региональное" АҚ (Қазақстан) KZ1C54270018 (KZ1C00000710, RGNL) жай акциялары эмитент бастамасымен KASE ресми тізімінен шығарылды
31.05.13 18:00
/KASE, 31.05.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік
комиссиясының шешімімен 2013 жылдың 03 маусымынан бастап
"Региональное" АҚ (Алматы) KZ1C54270018 (KZ1C00000710 (сауда коды –
RGNL) жай акциялары эмитент бастамасымен KASE ресми тізімінен
шығарылды.
KASE 2013 жылдың 27 мамырдағы тұжырымында айтылғандай,
2013 жылдың 24 мамырында KASE компаниядан келесі құжаттарын алды:
- аталмыш акциялардың ерікті делистингі туралы 2013 жылдың 23
мамырындағы өтініші;
- аталмыш акцияларды ұстаушылардың тізілім жүйесінен үзінді көшірме,
онда 2013 жылдың 21 мамырдағы жағдай бойынша "Региональное" АҚ
акционерлері екі заңды тұлға болып табылады;
- "Региональное" АҚ акционерлерінің 2013 жылдың 21 мамырдағы
аталмыш акцияларды ерікті делистингілеу туралы шешімінің көшірмесі
Жоғарыда айтылғанның негізінде және "Листингілік ережелер" атты KASE
ішкі құжатының 19 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес аталмыш
акциялар делистингіленді.
Аталмыш акциялар 2011 жылдың 23 желтоқсанынан бастап KASE ресми
тізімінің үшнші санатына енгізілді. Олардың сауда-саттығы 2012 жылдың 20
наурызынан бастап ашылды.
[2013-05-31]