06 маусымда Қазақстан қор биржасында KZP06Y07E086 (KZ2C00002095) "Цеснабанк" АҚ облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі деп жоспарлануда

29.05.13 18:57
/KASE, 29.05.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: KASE сауда-саттық жүйесінде 2013 жылдың 06 маусымында "Цеснабанк" АҚ (Астана) KZP06Y07E086 (KZ2C00002095; 1 теңге, 10,0 млрд теңге; 5 жыл; осы сауда-саттық нәтижесі бойынша анықталатын, жартыжылдық купон, жылдық 8,00 %, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізуді жоспарлап отыр. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне енгізілген жағдайда жүргізіледі. Іске қосу туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Еуразиялық даму банкінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен 2011 жылдың 10 тамызында 100,0 млрд теңге сомасына тіркеген, үшінші облигациялық бағдарламасының алтыншы шығарылымы болып табылады. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушысы "Цесна Капитал" (Астана). Орналастырудың жарияланған көлемі KZP06Y07E086 облигациясының (жарияланған облигациялардың жалпы көлемінен 50,0 %) 5 000 000 000 данасын құрайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – TSBNb19. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 16:00- ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" акционерлік қоғамындағы корреспондеттік есеп-шотында 16:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, нарықтық және шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза бағасы" белгіленуі тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санынан көрсетілген, облигациялардың "таза емес" бағасы көрсетілуі тиіс. Мәміленің көлемі, өтінімде көрсетілген, номиналдық құнның облигациялар санына көбейтіндісі арқылы анықталады. Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-05-29]