"Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры" АҚ (Қазақстан) өзінің басшылығының JURONG International Holding Pte басшылығымен кездескені туралы хабарлады

29.05.13 16:42
/KASE, 29.05.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры" АҚ (Астана), биржаға (KASE), 2013 жылдың 28 мамырында баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ө.Шөкеев Сингапурдың JURONG International Holding Pte компаниясы басшыларымен кездесу өткізіп, олардың арнайы экономикалық аймақтарды (АЭА) дамытуға қатысу жайын талқылады. Өткен жылдың 24 мамырында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапарында «Бірлескен химиялық компания» ЖШС мен Jurong компаниясы арасында Қазақстан Республикасының технопарктерін басқару жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған еді. 2012 жылғы 13 қарашада «Тараздың химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» ҚР Президентінің Жарлығы шығып, Мастер-жоспарды жасау үшін Jurong компаниясымен келісім жасалды. Жергілікті үйлестіруші және адаптант ретінде «ОХК Инжиниринг» ЖШС бекітілді. Компания 2012 жылғы тамызда, Үдемелі индустриялды- инновациялық даму бағдарламасы аясында, химиялық өнеркәсіпте отандық арнайы инжиниринг компаниясын дамыту үшін, «ОХК» ЖШС мен «Officium Projects Ltd.» (Бельгия), «Tecnimont S.p.a.» (Италия) компаниялары арасында құрылған болатын. Сонымен қатар, 2013 жылдан бері Jurong пен «ОХК Инжиниринг» ЖШС Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялды мұнай-химия технопаркін» АЭА оңтайландыру жобасына қатысып жатыр. Аталған келісімдер аясында АЭА дамытудың мына мәселелері қамтылған: жерді пайдалану, инфрақұрылымдық жоспар, осы бағыттағы заңнамалық өзгерістер, халықаралық инвесторларды тарту Анықтама: JURONG International Holding Pte – сингапурлық көпсалалы ұйым, әлем бойынша индустриялық кластерлерді дамыту қызметін көрсетеді: жобалау, құроылыс, кластерлерді дамыту. Компания арнайы аймақтарды дамыту бойынша жобалау, жоспарлау, басқару тұрғысында әлемде алдыңғы қатарда. Компания әлем бойынша 140 жобаны, Қытай мен Бірлескен Араб Әмірліктерінде 30 жобаны демісті жүзеге асырған. Жұртшылықпен байланыс департаменті «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ: +7 (7172) 55-41-14 цитата соңы [2013-05-29]