"RG Brands" АҚ (Қазақстан) өзінің 2012 қызметінің нәтижелері туралы хабарлады

29.05.13 14:18
/KASE, 29.05.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "RG Brands" АҚ (Алматы), биржаға бүгін жолдаған баспасөз-хабарламасында былай деп мәлімдеді: - RG Brands 2012 жылы сатылымдар 13 пайызға өсіп, 34.9 млрд. теңгені құрады - Жалпы жылдық табыс 30 пайызға ұлғайып, 14.5 миллиард теңгені құрады - Жалпы маржа 36%-дан 42%-ға дейін өсті. - 12 айдағы EBITDA көрсеткіші 32 % көтеріліп, 5,6 миллиард теңгені құрады. - 12 айда операциялық қызметтен түскен таза табыс 51% артып, 4.1 млрд теңгені құрады. RG Brands 2012 жылы өзінің орта мерзімдік стратегиясын орындауда жақсы операциялық және қаржылық нәтижелерге қол жеткізе отырып, тұрақты табысты өсім нәтижелеріне жетті. Осы баспасөз-хабарламасының толық нсұқасымен KASE веб-сайтында: - орыс тілінде – hhttp://www.kase.kz/files/emitters/RGBR/rgbr_reliz_290513.pdf мекен-жайы бойынша; - ағылшын тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/RGBR/rgbr_reliz_290513_en.pdf – на мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2013-05-29]