/ҚАЙТАЛАУ / 29 мамырда Қазақстан қор биржасында "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ипотекалық ұйымы" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y05E206 (KZ2C00001733, KZIKb22) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар өткізіледі

27.05.13 13:38
/KASE, 27.05.13 - 23.05.13 жаңалықты қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2013 жылдың 29 мамырында өзінің сауда-саттық жүйесінде " Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ипотекалық ұйымы" АҚ (Алматы) KZ2C0Y05E206 (KZ2C00001733, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KZIKb22; 1 тенге, 10,0 млрд тенге; 02.04.12 – 02.04.17, жылдық 8,00 % жарты жылдық купон, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы-мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп хабарлайды. Арнайы-мамандандырылған сауда-саттықтағы сатушысы "Еуразиялық Капитал" АҚ (Алматы) болады. Бірлескен андеррайтерлер "Евразиялық Капитал" және "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Орналастырудың жарияланған көлемі KZ2C0Y05E206 облигациясының 4 993 000 000 данасын (жарияланған облигациялардың жалпы көлемінен 49,9 %) құрайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 14:30-ға дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – KZIKb22. Эмитент кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 15:30-ға дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" акционерлік қоғамындағы корреспондеттік есеп-шотында 15:30-да ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәлдікпен көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнынан пайызбен (жинақталған сыйақысысыз) көрсетілген, облигацияның "таза" бағасының мәні белгіленуі тиіс. Қаржы құралының саны ретінде өтінімде облигациялардың данамен көрсетілген саны көрсетілуі тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар саны мен бір облигацияның "таза емес" (жинақталған сыйақысымен қосып) бағасына көбейтіндісі көрсетілуі тиіс. Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелелердің сомаларын есептеу Әдістемесінің 3 тарауы 14 бабына сәйкес есептеледі, осы Әдістеме http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/ru/bonds/show/KZIKb22 мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2013-05-27]