27 сәуір күні Қазақстан қор биржасында "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ (Қазақстан) өзінің 800,0 млн KZP01Y07D887 (KZ2C00001766, LARIb2) облигациясын жылдық 8,5% орналастырды

27.05.13 17:37
/KASE, 27.05.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде "Цеснабанк" (Алматы) субординацияланған KZP01Y07D887 (KZ2C00001766, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, LARIb2; 1 теңге, 10,0 млрд теңге; 16.07.12 – 16.07.19, жарты жылдық купон 8,00 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Эмитент сауда-саттықта KZP04Y07C362 1 000 000 000 облигациясын орналастыруды жоспарлаған (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санының 10 %). Бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы" (жиналған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттықтың мәні болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 15:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша немесе сатушыға ұтымдырақ болып табылатын өтінім бағасымен. Есептесу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE үш мүшесі қатысты, олар үш өтінім берді, солардың ішінде 802 600 000 облигация сатып алуға берілген өтінімдер өтінімдер қабылдау кезеңінінің аяқталу сәтінде белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраныс ұсыныстың 80,3 % құрады. Берілген өтінімдердегі "таза баға" 95,3452 % (жылдық 9,00 %) бастап 97,1682 % (жылдық 8,50 %) дейін құбылды және орташа сараланған мәні 97,6234 % (сатып алушы үшін өтелуіне жылдық 8,5016 %) тең болды. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің барлығы брокерлік-дилерлік компаниялардың үлесінде болды. Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша эмитент кесімді бағаны 97,6306 %, деңгейінде бекітті, бұл облигациялардың сатып алушының өтеуіне жылдық 8,50 % көлемінде сәйкес келіп, зейнетақы нарығының субъектілерінің берген екі өтінімін қанағаттандырды, сөйтіп орналастыруға жоспарланған 800 000 000 облигацияларды орналастырды. Осы орайда тартылған сома 804 333 688,89 теңгені құрады. [2013-04-17]