"Матен Петролеум" АҚ (Қазақстан) Қ.Қ.Құдабаевты бас директор лауазымына сайлағаны туралы хабарлады

23.05.13 10:20
/KASE, 23.05.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "Матен Петролеум" АҚ (Алматы) биржаға (KASE), 2013 жылдың 20 мамырындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы "Матен Петролеум" АҚ (одан әрі - "Қоғам") Диекторлар кеңесінің 2013 жылдың 20 мамырында төмендегі шешімдерді қабылдағаны туралы хабарлады: 1) Агиюев Рашид Илесович 2013 жылдың 20 мамырынан бастап Қоғамның бас директоры лауазымынан босатылсын; 2) Құдабаев Каднен Қуанышұлы 2013 жылдың 20 мамырынан бастап Қоғамның бас директоры лауазымына сайлансын. цитата соңы [2013-05-23]