АНОНС: 23 мамырда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Қазақстан) «Корпоративтік басқарудың қазіргі заманғы әлемдік үрдістері мен тәжірибесі» атты дөңгелек үстел өткізеді
22.05.13 19:03
/KASE, 22.05.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ
(Астана) биржаға (KASE) төмендегі мазмұнда баспасөз хабарламасын
ұсынды:
цитата басы
2013 жылғы 23 мамыр, сағ.: 16.30
Тәуелсіздік сарайы, Дөңгелек зал, 1 қабат
2013 жылғы 23 мамырда, сағ.: 16.30-да, VI Астана экономикалық
форумының аясында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының
бастамасымен «Корпоративтік басқарудың қазіргі заманғы әлемдік үрдістері
мен тәжірибесі» атты дөңгелек үстел өтеді.
Дөңгелек үстел барысында корпоративтік басқарудың қазіргі заманғы
үрдістері талқыланады: әлемдік тәжірибе және оның Қазақстан үшін
өзектілігі, отандық кәсіпорындарда үздік халықаралық стандарттарды енгізу
мәселелері мен Қазақстан бизнес қауымдастығында корпоративтік
әлеуметтік жауапкершілік тұжырымдамасын енгізу ерекшеліктері
Жиынға мына шетелдік ұйымдардың белгілі сарапшылары қатысады:
Дүниежүзілік банктің халықаралық қаржы корпорациясы (IFC), Еуропа қайта
құру және даму банкі, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы,
Қазақстан-Британ сауда-өнеркәсіптік кеңесі, Британ директорлар институты
(IoD), Қазақстан Республикасындағы Нидерланды корольдігінің елшілігі,
Адезис институты, Үлкен төрттіктің аудиторлық компаниялары: Ernst and
Young, PWC, KPMG, Deloitte, Ресей тәуелсіз директорлар ассоцияциясы
және т.б.
Сессияның модераторы – сэр Дэвид Вуттон, Қазақстан-Британ сауда-
өнеркәсіптік кеңесінің тең төрағасы.
Шараға «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ө.Шөкеев қатысады.
Жұртшылықпен байланыс департаменті
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ:
+7 (7172) 55-41-14, 55-40-11
цитата соңы
2013-05-22]