"Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ "HOMEBROKER" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y08C584 (KZ2C00001253, KKI_b1) облигацияларына CFI кодтарын берді

22.05.13 10:37
/KASE, 22.05.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "HOMEBROKER" АҚ (Алматы), биржаға 2013 жылдың 21 мамырында CFI кодтарын (қаржы құралының классификациялық кодын) беру туралы куәліктерінің көшірмелерін ұсынды. Аталған құжаттарға сәйкес "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ISO 10962 "Бағалы қағаздар және осыларға жататын қаржы құралдары - Қаржы құралының клапссификациясы (код CFI)" халықаралық стандартына сәйкес "HOMEBROKER" АҚ KZ2C0Y08C584 (KZ2C00001253, KASE ресми тізімі, "Рейтингтік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатыныбірінші санатшасы, KKI_b1) облигацияларына DBVUGR CFI коды берілді. [2013-05-22]