АНОНС: KASE 08 МАУСЫМ КҮНІ АЛМАТЫДА "ҚАЗАҚСТАН ҚОР НАРЫҒЫНЫҢ АШЫҚ ЕСІК КҮНІН" ӨТКІЗЕДІ

21.05.13 10:56
/KASE, 21.05.13 - 15.05.13 жаңалықты қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2013 жылдың 08 маусымында Алматы қаласында Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау интситутының (KIMEP) жаңа ғимаратында біркүндік "Қазақстан қор нарығының ашық есіктер күнін" өткізеді, осы шара шегінде әлеуетті және қазіргі бөлшекті инвесторлар үшін қор нарығы тақырыбы бойынша оқыту блиц-семинарларының сериясы өткізілмек. Іс-шараны ұйымдастыруда, биржадан басқа, "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы), "Halyk Finance" АҚ, "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының академиясы" АҚ, және басқа да тәжірибелі инвесторлар белсенді қатысады. Іс-шара шегінде қор нарығының кәсіби қатысушыларының лекциялары мен презентациялары өтеді, олардың тақырыптары: - Қаржы құралдары және Қазақстандағы биржалық сауда-саттық; - KASE фьючерс нарығы - жеке инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер; - Қор нарығындағы тенденциялар мен тәуекелдер; - "Халықтық IPO" бірінші жоба тәжірибесі. Осымен қатар, блиц-семинарлардың шегінде кәсіби қатысушылар келушілерге өздерінің қызметтерімен, сондай-ақ сауда терминалдарының мүмкіндіктерімен таныстыруды жоспарлап отыр. Қазақстан қор нарығының ашық есіктер күніне қатысушы жеке тұлғалардан KASE қандай да бір ақы алмайды және қатысушылардың санын шектемейді. Дегенімен, іс-шараға қатысу үшін тіркелу міндетті. Тіркелу биржаның веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/events/show/2013/opendoors_2013 мекен-жайы бойынша жүргізіледі. Іс-шараның бағдарламасы http://www.kase.kz/files/programm_project_1.pdf мекен-жайы бойынша қол жетімді. Демеушілік және презентацияларға қатысу сұрақтары бойынша биржаның PR бөліміне + 7 (727) 237 53 08 телефондары арқылы немесе pr@kase.kz. сайтына хабарласыңыз. [2013-05-21]