/ӨЗГЕРТІЛДІ/ АНОНС: 21 мамырда "Самұрық - Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Қазақстан) басшылығының қор тобының тәуелсіз директорларымен жиналысы өтеді

20.05.13 14:50
/KASE, 20.05.13, жиналысты өткізу уақыты өзгертілді/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Самұрық - Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) биржаға (KASE) бүгін ақпараттық хабарлама ұсынды: цитата басы «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы Қор тобының тәуелсіз директорларымен кездеседі Өткізілетін күні – 2013 жылғы 21 мамыр, 11-00 Өткізілетін күні – Астана қаласы, Radisson қонақүйі, «Сарыарқа» мәжіліс залы Ертең «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев Қор тобының тәуелсіз директорларымен кеңес өткізеді. Қор тобындағы синергия, 2013-2022 жылдарға арналған жаңа кадрлық саясат, корпоративтік заңнамадағы өзгерістер, Халықтық ІРО, компаниялардың құны, қаржылық басқаруды жетілдіру және ішкі аудиттің рөлі кездесудің негізгі тақырыптары болады. Басшылықтың осындай кездесулері ұдайы болып тұрады, олардың барысында тәуелсіз директорлармен компаниялар қызметінің мәселелеріне тән Қордың жаңа жобалары талқыланады, компаниялар акционері ретінде Қордың күтуі жайлы айтылады. Тіркеу мәселелері бойынша: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаменті +7 (7172) 55-41-14, 87019990335 (Сайора Ысқақова) цитата соңы [2013-05-20]