/KASE, 16.05.13/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасы
(KASE) сауда-саттық жүйесінде "Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы)
KZP01Y03E462 (KZ2C00001998, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы
бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, INBNb1; 1,0 теңге, 7,0 млрд теңге;
02.05.13 – 02.05.16, жылдық 8,00 % индекстелген жарты жылдық купон,
30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы, Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
бақылау комитетімен 2013 жылдың 15 наурызында E46 нөмірімен
тіркелген, "Bank RBK" Банкі" АҚ, жалпы сомасы 20,0 млрд теңге, бірінші
облигациялық бағдарламасының бірінші шығарылымы және, эмитенттің
биржада листинг процедурасынан өткен, "ішкі" облигацияларының бірінші
шығарылымы болып табылады.
Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушысы "Сентрас
Секьюритиз" АҚ (Алматы) болады.
Орналастырудың жарияланған көлемі KZP01Y03E462
облигациясының (осы шығарылымның тіркелген облигацияларының
барлық көлемі) 7 000 000 000 данасын құрайды
Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде
Debts_List_ST1 ( Rated_ST1 тобы) секторында, Алматы уақыты (ALT)
11:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы
коды – INBNb1. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 15:00-
ге дейін анықтайды.
Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы)
ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып
алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық
бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында
15:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен
берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады.
Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына
дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен
көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені
есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны
данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінім көлемі
ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның
"таза емес" бағасына (жинақталған сыйақыны ескере отырып)
көбейтіндісі көрсетіледі. Мәміле, мекен-жайы бойынша жарияланған
http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf көлемі
Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер
сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі.
Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең.
Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер
бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере
алады.
KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі
http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған.
Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен
http://mirror.kase.kz/files/emitters/INBN/inbnf9b1_2013.pdf мекен-жайы
бойынша танысуға болады.
Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида
http://www.kase.kz/ru/bonds/show/CCBNb22 мекен-жайы бойынша
жарияланған.
[2013-05-16]