"Казкоммерц Секьюритиз" АҚ "Самұрық-Энерго" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y03E334 (KZ2C00001873, SNRGb1) облигацияларын орналастырғаны туралы хабарлады

08.05.13 12:30
/KASE, 08.05.13/ – "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) KZ2C0Y03E334 (KZ2C00001873, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты", SNRGb1) облигацияларының қаржылық кеңесшісі және шығарылым акцияларының андеррайтері болып табылатын "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" еншілес ұйымы) (Алматы, тақырыптамада – "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ), Қазақстан қор биржасына (KASE) төмендегі мазмұнда ресми хабарлама ұсынды: цитата басы 2013 жылдың 27 наурызынан бастап "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) ҰСН KZ2C0Y03E334; ISIN KZ2C00001873 (KASE ресми тізімі, "Рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, SNRGb1) купондық облигацияларын орналастару жалғастырылуда. Орналастыру көлемі номинал бойынша 1 250 000 000 теңге (1 250 000 дана облигация – аталмыш шығарылымның жалпы көлемінен 41,7%), орналастыру кезіндегі табыстылығы – 6,00%. Аталмыш облигациялардың несие рейтингтері – Fitch Ratings: BBB (30.11.12), Эксперт РА Қазақстан: A++ (01.11.12). Аталмыш облигациялар 2012 жылдың 12 қарашасынан бастап KASE ресми тізіміне "Рейтингтік бағалау бар борыштық бағалы қағаздар" санаты (1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 12.11.12 – 12.11.15, жартыжылдық купон 6,00 % жылдық, 30/360) бойынша енгізілді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) 1 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде атқарады. Толық ақпаратпен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/SNRG мекен-жайында танысуға болады цитата соңы [2013-05-08]