Сәуір айында Биржада акциялармен мәміле жасаған жеке тұлғалардың саны 26,7 % артты

06.05.13 15:43
/KASE, 08.05.2013/ – 2013 жылдың сәуір айында Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялармен мәміле жасаған жеке тұлғалардың саны алдыңғы айға қарағанда 26,7 % өсті. Айдың аяғында "бағалы қағаздардың орталық депозитариі" АҚ (Алматы, одан әрі – ОД) мәліметтері бойынша жеке тұлғалардың атына ашылған жеке шоттардың жалпы саны 53 312 жетті, ол алдыңғы айдың соңына қарағанда 606 артқандығын көрсетеді. Ағымдық жылдың басынан бері Қазақстанның бағалы қағздарының ұйымдасқан нарығындағы жұмыстар үшін ашылған жеке тұлғалардың жеке шоттарының саны 1,9 немесе 1006 артты. Төменде Биржадағы акциялармен сауда-саттыққа қатысушы ОД шот ашқан жеке тұлғалардың санының өсу қарқыны туралы ақпарат берілген. Ақпарат аталған айдың соңында нәтижелер бойынша ұсынылған. ----------------------------------------------------------------------------- ОД шоттары Мәмілелер саны* Брутто-айналым, Жалпы 2013 жылдың айлары млрд теңге* брутто айналымдағы, %* ------------------ ---------- --------------- --------------- --------------- қаңтар 52 231 1 096 8,0 48,3 ақпан 52 371 954 3,1 47,9 наурыз 52 706 662 2,1 38,5 сәуір 53 312 839 15,6 43,8 ----------------------------------------------------------------------------- *арнайы мамандандырылған сауда-саттықты есептемегенде. [2013-05-08]