08 мамырдан бастап KASE қайталама нарық секторында "Шымкентмай" АҚ (Қазақстан) KZ2С0Y05E347 (KZ2C00001931, SMAYb1) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылады

06.05.13 16:47
/KASE, 06.05.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2013 жылдың 08 мамырынан бастап KASE қайталама нарық секторында "Шымкентмай" АҚ (Шымкент) KZ2С0Y05E347 (KZ2C00001931; SMAYb1; 1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 11.02.13 – 11.02.18, жылдық 9,00 %, жылдық купон 30/360) облигациялары бойынша сауда-саттық ашылады. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген таза бағасының үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) атқарады, міндетті баға белгілеудің минималды көлемі 2 000 айлық есептік көрсеткіш. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2012 жылдың 11 ақпанынан бастап енгізілген. Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/smay мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-05-06]