"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) жалпы көлемі $3,0 млрд құрайтын халықаралық облигацияларының екі шығарылымын табысты орналастырғаны туралы хабарлады

02.05.13 17:37
/KASE, 02.05.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), 2013 жылдың 02 мамырында биржаға жолдаған баспасөз-мәлімдемесінде былай деп хабарлады: цитата басы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) 10,5 млрд. АҚШ долларына дейінгі орта мерзімдік ғаламдық ноталар шығарылымының ағымдағы бағдарламасы шеңберінде жалпы көлемі 3 млрд. АҚШ доллары еурооблигациялардың 10 жылдық және 30 жылдық шығарылымдарын орналастыру бойынша мәмілелердің табысты аяқталғаны туралы хабарлайды. Компанияның еурооблигацияларын сатып алуға арналған өтінімдер ғаламдық кітабының көлемі шамамен 14 млрд. АҚШ долларын құрады. 350-ден астам инвестордан өтінім келіп түсті, оның ішінде қазақстандық инвесторлар 265 млн. АҚШ доллары сомаға немесе жалпы көлемнің 8,8% еурооблигациялар сатып алды. Орналастырудың жалпы көлемінің 2 млрд. АҚШ доллары – айналым мерзімі 30 жыл және өтеу кірістілігі жылдығы 5,8% деңгейіндегі дебютті еурооблигациялар және 1 млрд. АҚШ доллары – айналым мерзімі 10 жыл және өтеу кірістілігі жылдығы 4,45% деңгейдегі еурооблигациялар. Шығарылымдар параметрлері көрсеткішті болып табылады, өйткені купон ставкалары ұқсас мерзімді шығарылымдар үшін Қазақстанның корпоративтік эмитенттері арасында ең төменгі болып табылады (10 жылдық айналым мерзімді еурооблигациялар үшін жылдығы 4,4% және 30 жылдық айналым мерзімді еурооблигациялар үшін жылдығы 5,75%). Бұдан басқа 30 жылдық еурооблигациялардың дебютті шығарылымы CEEMEA елдерінің егемен емес эмитенттері арасында аса ірісі болып табылады. Еурооблигацияларға BBB (Fitch) / BBB- (Standart&Poors) / Baa3 (Moody’s) деңгейіндегі рейтингтер берілді. Тартудан түсетін қаражат қазіргі бар берешекті өтеуді қоса алғанда жалпы корпоративтік мақсаттарға пайдаланылатын болады. Осы шығарылымдар қазақстандық корпоративтік эмитенттер нарығы үшін жаңа баға параметрлерін орнатты, бұл инвесторлардың қазақстандық компаниялармен жұмыс істеуге дайындығын көрсетеді және халықаралық қаржы қауымдастығының ҚМГ менеджментінің күш-жігерін жоғары бағалағанын көрсетеді. Bank of America Merrill Lynch, Barclays және «Halyk Finance» АҚ бірлескен жетекші менеджерлер болып тағайындалды, Bank of America Merrill Lynch, Barclays халықаралық букраннерлер және қазақстандық букраннер ретінде «Halyk Finance» АҚ болды. «Visor Capital» АҚ қазақстандық жетекші менеджер ретінде қатысты. "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19 тел. +7 (7172) 97 62 77, 97 62 81, 97 62 61 www.kmg.kz e-mail: press@kmg.kz цитата соңы [2013-05-02]