"Қазақтелеком" АҚ (Қазахстан) "MaxCom" ЖШС жарғылық капиталында қатысу үлесінің 100% сатып алғаны туралы хабарлады

02.05.13 17:25
/KASE, 02.05.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана), биржаға жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: цитата басы Осымен "Қазақтелеком" АҚ "MaxCom" ЖШС жарғылық капиталында қатысу үлесінің 100% чсатып алу бойынша мәміле жасалғаны туралы хабарлайды. "Қазақтелеком" АҚ Директорлар кеңесінің 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы шешімімен тәуелсіз бағалаушы растаған нарықтық бағадан аспайтын бағамен Б.Б.Сафимен "MaxCom" ЖШС жарғылық капиталында қатысу үлесінің 100% сатып алуы бойынша келісім жасау мақұлданды. Сату - сатып алу шартына сәйкес, мәміленің мәні болып табылатын, мүліктің құны туралы ақпарат ашу мүмкін емес. Мәміленің мәні болып табылатын, мүлік құны Қоғам ативтерінің жалпы құнымен 10% аспайды. Мәміленің мәні болып табылатын соңғы бағалау күні 01.09.2012. Келісім жасау күні 21.11.2012. Компания Қазақстан Республикасының 17 қаласында жергілікті телефон байланысы, мәліметтер беру, мобильді телекоммуникациялық байланыс қызметтерін көрсетеді. "MaxCom" ЖШС Қоғамның сымсыз бірігулерін ұйымдастыру бойынша техникалық ресурсы ретінде қолданылады. Компанияның Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. цитата соңы [2013-05-02]