"Қазақтелеком" АҚ (Қазахстан) "DIGITAL TV" ЖШС жарғылық капиталында қатысу үлесінің 100% сатып алғаны туралы хабарлады

02.05.13 17:16
/KASE, 02.05.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Астана), биржаға жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: цитата басы Осымен "Қазақтелеком" АҚ "DIGITAL TV" ЖШС жарғылық капиталында қатысу үлесінің 100% чсатып алу бойынша мәміле жасалғаны туралы хабарлайды. "Қазақтелеком" АҚ Директорлар кеңесінің 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы шешімімен тәуелсіз бағалаушы растаған нарықтық бағадан аспайтын бағамен "Alem Communications Holding" ЖШС-мен "DIGITAL TV" ЖШС жарғылық капиталында қатысу үлесінің 100% сатып алуы бойынша келісім жасау мақұлданды. Сату - сатып алу шартына сәйкес, мәміленің мәні болып табылатын, мүліктің құны туралы ақпарат ашу мүмкін емес. Мәміленің мәні болып табылатын, мүлік құны Қоғам ативтерінің жалпы құнымен 10% аспайды. Мәміленің мәні болып табылатын соңғы бағалау күні 2012.01.10. Келісім жасау күні 2013.25.01. "Қазақтелеком" АҚ-ға "DIGITAL TV" ЖШС компаниясын сатып алу Қазақстан Республикасының тұрғындарына ақылы телевидение саласында көрсетілетін қызметтер шоғырын кеңейтуге мүмкіндік береді. Компания серіктестерімен бірге Қазақстанның 14 қаласында аналогты және цифрлы форматта кәбілді телевидение қызметін ұсынуға қатысады. цитата соңы [2013-05-02]